Президент • 06 Сәуір, 2017

Жұмыс нәтижелері туралы баяндады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жұмыс нәтижелері туралы баяндады

Кездесуде Елбасына «Қазатом­өнер­кәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы жұмысының нәти­желері туралы есеп берілді, сондай-ақ, жалпы атом саласын дамыту барысы жө­нінде мәлімет ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев атомды бей­біт мақсатқа пайдалану мәселесіне және атом электр стансалары жұ­мы­сын-дағы жа­һан­дық үрдістерге назар аударды.

Сондай-ақ, А.Жұмағалиев Қазақстан Президентіне өткен жыл қорытындысы бойынша кә­сіп­орынның жоспарланған барлық өн­дірістік және қаржылық көрсет­кіштерге қол жеткізгенін баяндады. Компанияның нақты табысы алғаш рет 108 млрд теңгеден асқан.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына кәсіпорынды трансформациялау бағ­дарламасының іске асырылу барысы туралы мәлімделді. Одан 16 млрд теңгеден астам экономикалық пайда түскен.

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ұлт­тық атом компаниясын әртарап­тан­дыру жә­не жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жал­ғас­тыру қажет екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берді.

Сурет Президенттің баспасөз

қызметінен алынды



Соңғы жаңалықтар