Мемлекет басшысының Өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Осыған дейін бұл қызметті атқарған Наталья Коржова зейнеткерлік жасқа толуына байланысты лауазымынан босатылған болатын.