Аталмыш сайтта, "тергеу Санкт-Петербург метросындағы жарылыс жасаған адамды анықтады. Ол 01.04.1995 жылы туған Акбаржон Джалилов. "Площадь Восстания" бекетінде жарылғыш заты бар сөмкедан Джалиловтың генетикалық ізі табылды. Генетикалық сараптама қорытындысы мен бақылау камераларындағы жазба бойынша "Площадь Восстания" бекетінде жарылғыш зат салынған сөмкені тастап кеткен және метро вагонында теракт жасаған бір адам", - делінген.
Еске сала кетсек, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті. Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалар да бар. Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала берілген ақпараты бойынша Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Ал, Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді.