Сурет: kaz.inform.kz
Бұл платформа болашақта саланың барлық ақпараттық жүйелерін біріктіріп, деректерді сақтауды орталықтандыру барысын қамтамасыз етеді. Соның негізінде салалық көрсеткіштерді кешенді әрі үздіксіз мониторингтеуге мүмкіндік беретін дамыған BI-талдау жүйесі қалыптастырылады. Бұл жүйе субсидиялау және мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) бақылауға, сондай-ақ уақтылы әрі негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті жедел және талдамалық есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Платформаны құру барлық қатысушы үшін бірқатар артықшылық та ұсынады деп күтілуде. Мәселен, мемлекет өз кезегінде өндіріс, субсидиялау және инвестициялар бойынша сенімді талдамалық базаға ие болады; фермерлер әкімшілік жүктемені азайта отырып, қызметтер мен қаржылық құралдарға қолжетімділікті жеңілдетеді; ал қаржы секторы тәуекелдерді бағалау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Мемлекет деректерге бақылауды сақтайды, ал барлық шешімдер Қазақстанның заңнамасына сәйкестендіріліп, технологиялық бейтараптық пен бәсекелестік қағидаттарын ескере отырып қабылданады.
Платформаны құру жұмысы салалық мамандар мен негізгі қатысушылардың қажеттіліктерін ескере, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.