Полиция қызметкерлерін төрт күн бойы әбігерге салған ол аудан ортылығындағы танысының үйінде жүрген болып шықты. Жедел іздестіру жұмыстары тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да
жүргізілді.
«Полиция қызметкерлері жасөспірімді Хромтау қаласынан тапты. Ол осы уақытқа дейін танысының пәтерінде өз еркімен тұрған. Құқық қорғаушылар Айнұр Өтегенді өз ата-анасына тапсырды. Белгілі болғаны, ол бұған дейін де бірнеше рет үйінен хабарсыз кетіп қалған екен», дейді облыстық ІІД-нің
баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлер жасөспіріммен,оның ата-анасымен әңгіме жүргізді.