Президент • 04 Сәуір, 2017

Ақтаудың архитектурасына көңіл бөлу керек - Елбасы

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жасаған сапары аясында өңір халқымен кездесті.

Ақтаудың архитектурасына көңіл бөлу керек - Елбасы

Кездесу барысында Елбасы Ақтау қазақтың теңіз жағалауындағы бірден-бір қаласы екенін атап өтті. 

- Ақтаудың архитектурасына көңіл бөлу керек. Арнайы комиссия қандай үй салынатынын қарау керек. Теңіз жағынан қарағанда да, дала жағынан қарағанда да көрікті үйлер салынуы қадағалансын. Басында жағалаудың бәріне жыпылаған жекеменшіктерді жібермеу керек еді. Түбінде қаражат болған кезде оның бәрін бұзатын шығармыз. Қазір теңіз бойымен қаланы соза берсек, коммуникацияны қалай тартамыз? Сол үшін керек болса республикадан архитекторларды шақырып, солардың кеңесімен жұмыс жасалсын", деді Елбасы. 

Арнұр Асқар,

"Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар