04 Сәуір, 2017

Сағынтаев әкімдерге су деңгейінің көтерілуін бақылауды тапсырды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев су тасқыны қаупіне ұшырауы мүмкін өңірлерді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шаралары жөніндегі баяндамаларды тыңдап, әкімдерге жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды, деп жазады primeminister.kz.

Сағынтаев әкімдерге су деңгейінің көтерілуін бақылауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында күн тәртібіне тоқталмастан бұрын, Қазақстандағы су деңгейінің көтерілуі мәселесін талқылады. Және ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың, сондай-ақ, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдерінің ағымдағы су деңгейінің көтерілу жағдайы мен төтенше жағдайларды ескерту шаралары туралы баяндамаларын тыңдады. 

«Құрметті әріптестер, жергілікті орындардағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырамын, үйлестіру жұмыстарына Асқар Ұзақбайұлы жауапты (Мамин – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары)», - деді Б. Сағынтаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Нүркен Әбдіров атындағы ауылында екі ағайындыны Қопа өзенінің ағысы алып кеткен болатын. 



Соңғы жаңалықтар