«Алматы метрополитені» КМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауіпсіздік шарасы аясында ең бірінші кезекте бақылау жұмыстары күшейтілген. Бұл бағытта ІІБ-мен бірлескен ұйымдастырушылық шаралары жүргізіліп жатыр.
«Металліздеуші, рентген-телевизиялық өткізбе жолымен жабдықталған арнайы аппарат арқасында барлық жолаушы бақылаудан өтеді. Жолаушыларға қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарау сұралды. Бақылау шараларының күшейтілуі жолаушылардың пойыздарға өту уақытына кедергі келтірмеуі керек. Себебі, қауіпсіздік шаралары тұрақты түрде жүргізіліп отырады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, 3 сәуір күні Санкт-Петербург метрополитенінде «Сенная площадь» және «Технологический институт-2» стансалары арасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты.