Samsung Galaxy S8 және S8+ Қазақстанда мамыр айынан бастап сатылады. Олардың түсі қара гауһар тас түсті, мистикалық аметист түсті және асыл сары тас түстерінде болады.
Жаңа смартфондар 10 нанометрлі процессорлармен қамтылған. Ол сматфондарға жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 8-мегапиксельді алдыңғы камерасы мен интеллектуалдық автофокусы бар, сондай-ақ, 12 мегапиксельді камерасы мен Dual Pixel технологиясымен қамтылған гаджеттермен жарық нашар түсіп тұрса да, сапалы суреттер түсіруге болады.
Сонымен қатар, жаңа смартфондар биометриялық технологиялармен жұмыс істейді. Онда саусақ ізін қалдыратын, көздің сыртқы қабығының сканері мен адамдарды тани алатын жүйе бар.