Қазақстан • 04 Сәуір, 2017

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде жауын-шашын, тек республиканың онтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік және солтүстік-батыста бұрқасын болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейюі  күтіледі.

 Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейн күшейюі  күтіледі.

 Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.

 Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейн күшейюі  күтіледі. 

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

 Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Соңғы жаңалықтар