Кездесу барысында Тәжікстан мен Қазақстанның екіжақты және көпжақты ықпалдастығының өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан елшісі әріптесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға үстіміздегі жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін шақыруын табыс етті. Э.Рахмонның жұмыс кестесі саммитке қатысуына мүмкіндік беретіндігіне үміт білдірді.
Бұдан кейін елші министрге Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа биылғы Жолдауының мазмұнымен таныстырды. Сұхбат соңында қазақстандық дипломат С.Асловқа кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Тәжікстан қарым-қатынастарын стратегиялық әріптестік рухында нығайту ісіндегі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.