Аймақтар • 04 Сәуір, 2017

Атырауда еліміздің геологтары кәсіби мерекелерін атап өтті

365 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын «Ем­бімұнайгаз» АҚ Гео­лог кү­­ніне орай салтанат­ты ша­ра өткізді.

Атырауда еліміздің геологтары кәсіби мерекелерін атап өтті

Оған «Қаз­Мұ­найГаз» Барлау Өн­­діру» АҚ басшылығы, «Қа­­ра­жан­басмұнай» АҚ, «Өзен­мұнайгаз» АҚ, «Қаз­Гер­Мұ­най» БК ЖШС, «Кар­пов­ский Северный» ЖШС кә­сіпорындары  ұжы­м­да­ры­ның өкілдері мен арда­гер мұнайшылар, «Ем­б­і­­мұ­найгаз» АҚ-қа қарасты бас­­қармалардың геолог ма­ма­н­дары қатысты.

Салтанатты шараны жы­лы құттықтау лебізімен аш­қан «Ем­бі­мұнайгаз» АҚ бас ди­рек­то­ры­ның жаңа жобалар және техно­ло­гиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков Ембі кен алаң­дарының геологиялық барлау жұмыстарының бүгінгі ты­ны­­с­ына жан-жақты тоқталды.

– Компанияның алдында тұр­­ған тың бастаманың бірі – тұз асты қа­баттарын бұрғылау жұмыстары. Ем­білік мамандар осы бағытта жан-жақты із­деніс үстінде.  Гео­ло­гиялық бар­лау жұмыстарын жә­не терең бұрғылауды жүр­гі­зу үшін перс­пективалы тұз асты қа­бат­та­ры анықталды. Гео­л­о­гия­лық-бар­лау жұмыстары бағ­дар­ламасын жүзеге асыру нә­ти­жесінде өткен жылы «Шығыс Уаз» бен «Орталық Новобогат» (Ли­ман блогы) кен алаңдарында бар­лау жұмыстары аяқталды. Кәсіпорынның болашағы жаңа кеніштердің ашылуымен, перс­пективалы алаңдардың тың­ғы­лықты зерттелуімен байланыс­ты екені б­ә­рімізге белгілі. Бұл орайда Тай­­сойған мен Қаратон-Сар­қа­мыс блоктарында зерттеу-барлау жұмыстарын жандандыру мә­се­ле­сі күн тәртібінде тұр, − деп атап өт­ті өз сөзінде А.Жақсыбеков.

Салтанатты жиында «Қаз­Мұ­найГаз» Барлау Өндіру» АҚ өн­діріс және кен орындарын иге­ру жөніндегі басқарушы дирек­тор Қ.Нұрғалиев сөз алып, гео­лог­тарды және ардагерлерді кә­с­іби мерекесімен құттықтады.

– Қазақстан 100 жылдан астам уа­қыттан бері мұнай өндіріп ке­ле­ді. Мұнай-газ секторы бүгінде стр­атегиялық салаға айналды. Гео­логтар жер қойнауын барлау, мұ­най-газ қорларын көбейту, жа­ңа кен орындарын игеру, өндіріс көлемін арттыру сияқты жауапты мін­деттерін абыройлы атқарып ке­­леді. Сіздерге жүктелген жа­уап­кершілік жүгі ауыр, салмақты. Сіз­дер мамандыққа адалдық деген қағиданы берік ұстанып, бұл са­ла­дағы жұмыстарды табысты ат­қаруға күш салып отырсыздар. Өнім көлемін ұлғайтудағы із­деністер, тиімді геологиялық тех­никалық шаралар, өндіріске енгізіліп жатқан жаңалықтар өз нәтижесін беріп отыр. Ком­па­­ния­ның өндірістік қызметте жет­­кен жетістігінде сіздердің әр­­қай­сыңыздың үлкен үлесіңіз бар. Мемлекетіміздің геология са­­­ла­сында жүргізіп отырған сая­са­­тының дәйекті жүзеге асуы жо­лынд­а биік белестерді ба­ғын­дыра беріңіздер, – деп атап өт­ті ол.  

Салтанатты шарада Қа­зақ­стан мұ­най-газ және энер­гети­ка саласын да­мытуға қос­қан үлестері үшін жекелеген ма­мандар «KAZENERGY» қауым­дастығының медалімен, Құр­мет грамотасымен, Алғыс ха­­ты­мен, сонымен қатар, «Қаз­Мұнай­Газ» Барлау Өндіру» АҚ, «Ембі­мұнайгаз» АҚ Құрмет грамо­та­­сымен, Алғыс хатымен мара­патталды. Ембі кен алаңдарында мұ­най-газ қорын іздеу-барлау бағ­дарламасының жүзеге асуына зор үлес қосқан бір топ ардагер-ге­ологқа естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бақыт Асенова

Атырау облысы



Соңғы жаңалықтар