Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі Мәдина Мұсатаеваның айтуынша, Семейдегі колледждердің 2-4 курс студенттерінің жұмысы осы көрмеге арнайы лайықталып алынған. Бұнда картиналардың түр-түрлерімен қатар, бисер, аппликациядан жасалған жұмыстар қойылған. Барлығы да әзірше ешқандай атақ-даңқы болмаса да, ерінбей еңбектеніп жүрген, болашағынан көп үміт күттіретін жастар. Әсіресе, Бизнес және сервис колледжі студенттерінің туындылары көптің көңілінен шықты. Көрмеге қатысушылар боди-арт және қынамен бояу, яғни «менди» саласынан да хабардар екендіктерін көрме барысында көрсетті. Екінші курс студенті Виктория Ковс қынамен бояудың қызықты түрлерімен келушілерді таныстырды.
Раушан Нұғманбекова
СЕМЕЙ
Суретті түсірген автор