Президент • 04 Сәуір, 2017

Елбасы Маңғыстау облысында

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы Маңғыстау облысында

Сапар барысында «Спортклуб Маңғыстау-Арена» көп функциялы спорт кешенінің жұмы­сымен танысып, күрес залын және көп функциялы залды аралап көрді.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы спорт саласының өкілдерімен әңгімелесті. Олардың арасында қысқа қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, рекордшы Ә.Тұяқов, бокстан әлем чемпионаттарының және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ә.Ниязымбетов, сондай-ақ,  танымал спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері болды.

Спортшылар жан-жақты қолдауы мен қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

Кешен демеушілердің қаражатына салынған. Онда футбол, баскетбол, волейболмен шұғылдануға, сондай-ақ, жекпе-жек сайысымен және жеңіл атлетикамен айналысуға арналған залдар бар.



Соңғы жаңалықтар