Аймақтар • 03 Сәуір, 2017

Ақтөбенің Байғанин ауданында әкім ауысты

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкім болып Асқар Шериязданов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбенің Байғанин ауданында әкім ауысты

Асқар Шериязданов 49 жаста. Ол әр жылдарда тілдер жөніндегі облыстық басқарманың бас маманы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы, әкімнің кеңесшісі, ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, директоры, облыстық туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар ол "Батыс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ бөлім бастығы, департамент директоры, Астана қаласындағы «Алтын Қыран» компаниялар тобы бас директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алға ауданының әкімі қызметтерінде болды. 


Соңғы жаңалықтар