Қазақстан • 03 Сәуір, 2017

​Атырауда «Бекіре-2017» балық қорғау акциясы басталды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда «Бекіре-2017» балық қорғау акциясы басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін науқанға биыл 97 мемлекеттік инспектор, 10 КС патрульдік өзен катері, 12 шағын кеме, 24 көлік тартылып отыр.

​Атырауда «Бекіре-2017» балық қорғау акциясы басталды

Ұлттық гвардияның 36 әскери қызметшісі мен ішкі істер органдарының 232 қызметкері, 58 автокөлік, сегіз жүзу құралы да бағалы балық қорын сақтау шараларына қатысады.

«Браконьерлік фактілер көп тіркелетін жерлерде 20 бекет ұйымдастырылған. Жайық, Қиғаш өзендері мен Каспий теңізінің жағалауы да бақылауда болады», – дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы Марлен Айнабеков.

Кең ауқымды балық қорғау науқаны 31 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында Атырау, Ақтау, Орал қалаларында балық өнімін заңсыз сату орындары туралы мониторинг жүргізіледі. Биыл атыраулық балықшыларға бөлінген квота көлемі 14 мың тонна. Бұл көрсеткіш өткен жылғы мөлшерден бес мың тоннаға аз. Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Мұрат Ермекқалиевтің айтуынша, былтыр балықшылар бөлінген лимиттің 67,5 пайызын ғана (12,9 мың тонна) орындаған. Есесіне, 15 мың тонна балық өнімдері заңсыз ауланып, облыс аумағынан шығарылыпты. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар