Қазақстан • 03 Сәуір, 2017

​Жамбылда жастар сенбілігі өтті

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуір айының алғашқы күнінде Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағын санитарлық тазарту, көгалдандыру, абаттандыру және болашақта халық игілігіне пайдалану үшін жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызу мақсатында «Мәңгілік Ел – Жасыл Ел!» атты облыстық жастар сенбілігі өтті.

​Жамбылда жастар сенбілігі өтті

Сенбілік жұмысына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысып, Тараз қаласындағы Қабылбек Сарымолдаев атындағы  №1 балалар үйінің ауласына 60-тан астам тал көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ тал-дарақтармен қатар, алма, алмұрт, декоративті ағаштар отырғызу жұмыстары облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен қала тұрғындарының қатысуымен  «Әулие-ата» Халықаралық әуежайында және №1 қалалық ауруханасында жалғасты. 

Облыстың барлық елді мекендерінде жаппай өткізілген көктемнің алғашқы сенбілігіне облыс жастары мен қала тұрғындары қамтылды. Сенбілікке шығушылар айналаны көгалдандыруға, қала, аудан, ауыл маңдарын, көшелерін тазартуға, спорттық кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға атсалысты.

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар