Шараға 80-нен астам көші-қон полициясы мен шекара қызметкерлері қатысты.
Оқытуды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғау қызметінің маманы жүргізді. Оқу нәтижесінде жоғарыда аталған органдардың қызметкерлері профайлинг саласындағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларға ие болды.
«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» кешенді жоспары ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Бас Прокурор және қала әкімі тараптарынан бекітілгендігін еске саламыз. Жоба елорда тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға, соның ішінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыруға негізделген 172 шарадан құралған.