Бизнес • 03 Сәуір, 2017

Кооператив құруға кімдер құқылы?

377 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Егеменнің» тілші қосынына есімі елге елеу­лі азамат, бұрынғы мемлекеттік қыз­мет­ші Төлеген Мерғалиев хабарласты. Ол кісінің көңілін алаңдатқан мәселе 2017 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген «Ауыл­ шаруашылығы кооперативтері тура­лы» заңнан туындапты. Бұл – сөз жоқ, ел тұрғындары үшін өте қажетті құжат.

Кооператив құруға кімдер құқылы?


Алай­да, осы заң баптарын аударып-төң­ке­ріп, басынан аяғына дейін танысып шық­қан кезде, ауылда тұратын мемлекеттік қыз­мет­шілердің құқы шектеліп қалғандай күй кештім. Сіздерге де айтайын дегенім осы еді деді ол. 

Бұған қандай дәлеліңіз бар деп Төкеңе телефон ар­қы­лы қайтара сұрақ қой­дық. Бұл сұрағыңызға жауап­ты шолтаң еткізбей, мә­се­­ленің мәнісін түсіндіре оты­­­рып қайтаруым керек. Ен­деше, тың­да­ңыз деп жа­л­­­ға­стырды өз әңгімесін ел ағасы. Құдайға шүкір, қа­зір­гі кезде ауылда тұратын от­ба­сылардың арасында мал ұс­та­майтындары некен-са­яқ. Бұл ретте статистикаға жү­гі­­нудің қажеті болса, бұған да дәлеліміз бен жауабымыз әзір. Еліміздегі ауыл тұр­ғын­д­арының жеке аула қо­ра­сындағы мал жалпы көр­сет­кіштің 80 пайызын құ­рай­ды екен.

Мұның өзі өте жоғары көр­сеткіш. Мұндай мүм­кін­дікті құр жіберіп алсақ, көп нәр­седен ұтыламыз. Ко­опе­ративке бірігудің басты бір қажеттілігі де осында. Ке­ше­гі Кеңес өкіметінің жеке тұр­­ғындардың малына шектеу қойған кезі де болған. Бір жақсысы, қанша мал ұс­таймын десеңіз де қазір мұн­дай шектеу жоқ. Осындай жағ­дайда ауылшаруашылық ко­оперативіне бірігудің пай­да­­сы мен тиімділігі өте мол. Бұ­ған еліміздің кез келген аза­матының толық құқы бар. Осындай қадам жасаған от­ба­сыларға Үкімет тарапынан тиісті қолдау тетіктері де қарастырылған. Тіпті, бау-бақша мен балық өсіремін де­сеңіз де, ешкім қолыңызды қақ­пайды.

Міне, тап осы арада бір гәп бар. Ауылда мем­ле­кеттік қыз­метшілер мен оған те­ңес­тірілгендердің қа­лың то­­бы тұрады. Менің ойым­ша, солардың құқы қор­ғал­май қалған секілді. Олар аз ғана кесімді жалақымен мем­­лекеттік қызметті қа­бақ­та­рын шытпай атқарып жүр­ге­ніне ешкім күмән кел­ті­ре ал­майды. Міне, со­лар­дың кооперативке кіру мен оған мүше болу тетіктері заңда тай­ға таңба басқандай анық әрі айқын көрсетілуі керек емес пе еді?

Ел ішінде еңбек етіп жүр­ген мемлекеттік қыз­мет­ші­лер­дің де отбасы мен бала-ша­ғасы бар. Ал олардың өз­г­е қосымша табыс табуына қол­даныстағы заңдылықтар мен нормативтер қатаң шектеу қояды. Осы дұрыс па? Бұл ой-пікірімнің басты бір мы­салы жоғарыда айтылған «Ауыл ­шаруашылығы ко­опе­ра­тивтері туралы» заң болып отыр. Сонда қа­лай бол­ға­ны? Ауылдағы мем­ле­кет­тік қызметшілер ко­опе­ра­тив­ке мүше бола алма­са, оған кіре алмаса, ау­ла­сын­­да­­ғы азын-аулақ малы мен шар­ба­ғындағы бау-бақ­ша­сын бас­қа біреулерге бас­қа­руға бе­руі керек пе?

Ақсақал қойған сауалдың түй­іні де осы.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ


Соңғы жаңалықтар