Қазақстан • 03 Сәуір, 2017

Мемлекеттік қызмет істері және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналистік жұмыстарға байқау жариялады

193 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жем­қорлыққа қарсы тақы­рып­тағы үздік журналистік жұмыс­тарға байқау жариялайды.

Мемлекеттік қызмет істері және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналистік жұмыстарға байқау жариялады

Байқау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқор­лыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған.

Байқауға қатысу үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан

1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері қабылданады. Байқауға ұсыны­латын жұмыстардың саны шек­телмейді.

Материалдар қазақ немесе орыс тілдерінде төмендегі номинациялар бойынша қабылданады:

- «Үздік телевизиялық жұмыс»;

- «Үздік баспа жарияланымы»;

- «Үздік интернет жарияланымы».

Байқау комиссиясы қатысу­шылардың материалдарын 2017 жылдың 1 маусымын қоса алғанға дейінгі мерзімде қабылдайды. Байқаудың нәтижесі құжаттар қа­былдау рәсімі аяқталғаннан кейін қорытындыланатын болады.

Бай­қаудың нәтижесін қо­ры­тындылау кезінде келесі аспектілер ескерілетін болады:

- материалдардың өзектілігі және көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

- мәселені талдаудың жаңа­шылдығы мен тереңдігі, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетті қалыптастыруға әсері;

- мазмұндау стилі;

- авторлық тұжырымдаманы беру мәнері және дербестігі.

Байқауға қатысу үшін материалдар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, , Абай даңғылы, 33а, 12-қабат,1205 кабинет, тел.: +7 (7172) 75-32-02, 75-34-08, сот: +77027437177, +77470011681 эл.пошта: d.duisebaev@kyzmet.gov.kz


Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбындағы үздік журналистік жұмыстарға байқау туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Бұқаралық ақпарат құрал­дары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы үздік журналистік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында өткізіледі.

2. Жеңімпаздарды айқындау Байқау комиссиясының шеші­мімен жүзеге асырылады. Комиссияның құрамына Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (әрі қарай – Агенттік), басқа да мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.


2. Байқауға қатысу шарттары

3. Байқауға қатысуға респуб­ликалық және жергілікті дең­гейдегі барлық БАҚ журна­листері шақырылады.

4. Байқауға қатысуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құн­дылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған материалдар (бағдарламалар, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар) қабылданады.

2017 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жария­ланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері қабыл­данады.

5. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.

6. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

3. Байқаудың өту кезеңдері

7. Байқау туралы хабарландыру.

Республикалық және жергі­лікті БАҚ-та мемлекеттік және орыс тілдерінде Байқауды өткізу туралы хабарландыру және оған қатысу шарттары жарияланады.

8. Байқау материалдарын қабылдау.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксеро­көшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыс­тар эфирлік анық­тамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшір­месі түрінде (cd/dvd дис­­кілерінде, flash-тасымал­даушыларында) ұсынылуы тиіс.

Ақпараттық агенттіктердің журналистері жария­ланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылғы 1 маусым.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.

Байқау материалдары Агент­тіктің мекен-жайына 2017 жылғы 1 маусымға дейін келіп түседі.

9. Байқау материалдарын қарау.

Байқау материалдарын қа­рауды материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін байқау комиссиясы жүзеге асырады.

Байқау комиссия ұсынылған материалдарды келесі шарттар бойынша қарайды:

1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

2) мәселені талдаудың терең­дігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетті қалыптастыруға әсері;

3) мазмұндау стилі;

4) авторлық тұжырымдаманың дербестігі.

10. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік жұмыстарды анықтайтын Байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:

1) Үздік телевизиялық жұмыс;

2) Үздік баспа жарияланымы;

3) Үздік интернет жарияланымы.

5. Байланыс ақпараты

010000, Астана қаласы, Қазақстан Республика­сының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Абай даңғылы, 33а, 12-қабат, 1205 кабинет, тел.: +7 (7172) 75-32-02, 75-34-08, сот: +77027437177, +77470011681 эл.пошта: d.duisebaev@kyzmet.gov.kz




Соңғы жаңалықтар