Бизнес • 02 Сәуір, 2017

Машина жасау еліміздегі ең қарқынды дамыған салаға айналды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Машина жасау саласы Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды қозғалтқышына айналды.

Машина жасау еліміздегі ең қарқынды дамыған салаға айналды

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығын жүзеге асыру барысында машина жасау еліміздегі ең қарқынды дамыған сала болды. Бұрын-соңды елімізде шығарылмаған жаңа жоғары технологиялы өнімдер пайда болды. Олар: локомотивтер, электровоздар, жолаушылар вагондары, тікұшақтар, автокөліктер, деп жазды ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Аталған саланы жан-жақты дамыту үшін жыл сайын Қазақстан машина жасаушыларының Форумын өткізуді дәстүрге айналдырдық. Өткен жылдың қыркүйек айында әлемнің 20 елінен 100-ден астам делегат қатысып, отандық машина жасау саласын дамыту туралы келелі жиын болды. Бұл салада шетелдік майталман мамандармен тәжірибе алмасу біз үшін ауадай қажет.

Соңғы жылдары осы саладағы өндіріс көлемі төмендеген, бірақ төмендеу қарқыны біртіндеп баяулап келеді. 2015 жылмен салыстырғанда негізгі өнім түрлеріндегі өндіріс көлемі біршама артқан. Мәселен, жүк автокөліктері, тіркемелі жүк вагондары, электрлі трансформаторлар мен конденсаторлар, талшықты оптикалық кабель және аккумулятор өндірісінде өсім бар.

Соңғы жаңалықтар