Кәсіпқой бокс • 01 Сәуір, 2017

Қанат Ислам рингте кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA fedelatin, WBO intercontinental чемпионы Қанат Ислам мен WBA, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов Алматы қаласының «MD бокс» залында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Ислам рингте кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті

Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтанның хабарлауынша, ашық жаттығу өте жоғары деңгейде өтіп, оны көруге жиналған көрермендер саны көп болды. Қазақтың қос батыры жас спортшыларға бокстағы ұрыс тәсілдерін үйретіп, өз тәжирбелерімен бөлісті.   

Жаттығу соңында боксшылар БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жанкүйерлермен фотоға түсті. Сондай-ақ, Қанат Ислам рингте кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, болашақта чемпион болуына тілектестік білдірді.   

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 31 нарыз күні Қанат Ислам Жанат Жақияновты жеңісімен құттықтап, шапан жапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар