«Қанат Ислам WBA (super) тұжырымы бойынша əлем чемпионы, ұлтымыздың мақтанышы Жанат Жақияновты жеңісімен құттықтап шапан жапты», деп жазған Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан Фейсбуктегі өз парақшасында.
Оның хабарлауынша, ертең, 1 сәуір күні Алматыда Жанат Жақиянов пен Қанат Исламның ашық жаттығуы өтеді. Жаттығу соңында сұқбат беріп, алдағы жоспарларымен бөліседі.
Шара "MD бокс" залында сағат 10:30-да басталатыны хабарланып отыр. Кіру тегін.