Букмекерлік кеңселер Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы кездесуге ерекше бәс қабылдай бастады.
Қазақстандық боксшы рингке қазақтың ұлттық шапанымен шығатыны белгілі. Головкин шапансыз шығады деген варианттың коэффициенті 33-ке тең болмақ. Ал жаттықтырушылардың бірі шаршы алаңға орамал тастау мүмкіндігіне 11 коэффициент беріп отыр. Келл Брук пен Головкин арасындағы жекпе-жек кезінде британ боксшысының бапкері осындай қадамға барған-ды.
Жақында Кертис Стивенс-Дэвид Лемье арасындағы айқаста Стивенс ауыр нокаутқа ұшырады. Шамамен он секундтай көзін аша алмады. Осындай жағдай Головкин мен Джейкобс арасында болу мүмкіндігі 33 коэффициентке бағаланған. Сол сияқты раунд арасындағы үзілісте қос боксшының бірі жекпе-жекті жалғастырудан бас тартады деген жорамалдың коэффициенті 7,80-ге тең болмақ.
Ал кәдімгі бәс тігуде Головкин фаворит ретінде есептеліп тұр. Оның жеңісіне 1,15 коэффициенті берілді. Мерзімінен бұрын жеңіске – 1,27, төрешілердің шешімімен жеңіске – 7 коэффициент. Джейкобсқа келер болсақ, оның жеңу мүмкіндігі 6 коэффициентке, мерзімінен бұрын немесе төрешілердің шешімімен жеңу мүмкіндігі 12 коэффициентке бағаланып отыр.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
• 14 Наурыз, 2017
Букмекерлік кеңселер Головкиннің айқасына ерекше бәс қабылдай бастады

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03