«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Дастин Бойд «Металлургке» қарсы сериялы матчта әлі де болсын жеңістен үміт барын айтты.
«Жағдайымыздың қиындай түскені айтпаса да белгілі. Матчтың тек соңында ғана оянып, қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымызбен, тым кеш еді. Ойын барысында мүмкіндігіміз көп болатын, бірнеше рет ойыншы басымдығына да ие болдық. Өкінішке орай, сәттілік жетіспеді. Алғашқы кезеңде 1:2 есебімен есе жіберсек те, бәрі өз қолымызда болатын. Бірақ әріптестеріміздің бірнеше рет айдыннан қуылуы кері әсерін тигізді», – деді Дастин Бойд.
«Барыс» форвардының айтуынша, әлі де ешнәрсе кеш емес екен.
«Енді басқаша жоспар құрып, жағдайымызды өзгертуге болатын жолдарын қарастыруымыз керек. Бәріміз өз деңгейімізден жоғары ойнауымыз қажет. Брэндонның жарақатынан айығып, қатарымызға қайта қосылғаны жақсы болды. Төртінші кездесуде қажетті нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенемін», – деді ол.
Айта кетейік, кеше «Барыс» Магнитогорскінің «Металлургімен» үшінші мәрте күш сынасып, 3:5 есебімен есе жіберді.
«Металлург» сапынан Данис Зарипов айдын иелерін үш мәрте (28, 38, 56-минуттар) қапы қалдырса, Сергей Мозякин (48-минут) мен Ян Коварж (54-минут) бір-бір шайбаның авторы атанды. Ал астаналықтардан Дастин Бойд үш голдың (42, 58, 59-минуттар) бәрін салды.
Қос команданың арасындағы жалпы есепте магнитогорліктер 3:0-мен алда келеді. Келесі матч 15 наурызда Астанада өтеді.

Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:53
Тынысы тарылған Әйтей: Қоқыс полигонының мәселесі қашан шешіледі?
Экология • Бүгін, 16:50
Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды
Тарих • Бүгін, 16:32
ҰБТ жүйесі қашан және қалай өзгереді?
Білім • Бүгін, 16:22
Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылды
Әдебиет • Бүгін, 16:20
Президент: Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады
Президент • Бүгін, 16:13
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет
Президент • Бүгін, 15:58
Мемлекет басшысы: Түркі тілі, ислам дәстүрлері мен дала даналығы Алтын Орда кезеңінде біте қайнасты
Президент • Бүгін, 15:57
Президент Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты
Президент • Бүгін, 15:52
Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды
Президент • Бүгін, 15:43
Мемлекет басшысы құбылмалы геосаяси заманда тарихи диалог орнатудың маңызын айтты
Президент • Бүгін, 15:34
Президент: «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн
Президент • Бүгін, 15:30