Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізетінін мәлімдеді.
«Расымен, ендігі айқасымды өз елімде өткізсем деймін. Себебі, ол жақта да кәсіпқой боксты көз алдарында көргісі келеді. АҚШ-та бұл жоғары класс болып есептелсе, Қазақстан да осыған қосылуға ниетті. Боксты көргісі келетіндер көп», – деді Головкин соңғы баспасөз жиынында.
Осыған дейін GGG-дің EXPO-2017 көрмесі кезінде ұйымдастырылатын бокс кешінде шаршы алаңға шығатыны хабарланған. Кейбір ақпарат көздері тіпті, оның 10 маусымда өтетінін, ал оның қарсыласы орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) болатынын жазған. Британ боксшысы Головкиннің осы сенбіде болар жекпе-жегіне арнайы қатысады деп күтілуде.
Қос боксшының Астанадағы көрмеде жекпе-жекке шығу жөнінде келіссөздер жүргізгенмен, нақты шешімге келмегені хабарланған. Сонымен қатар, Сондерс өзінің міндетті қарсыласы грузиялық Автандила Хурцидземен (32-2-2, 21 КО) жұдырықтаспау жөнінде ортақ ымыраға келген болатын.
Айта кетейік, Головкин 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниел Джейкобспен күш сынасады. Бұл кешті елімізде «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары 19 наурызда 08:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Шымкентте жасанды интеллект мектебі ашылды: Кімдер тегін оқи алады?
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:35
Премьер-министр жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:57
Қазақстанда биыл ашылатын ЖИ университетіне кімдер түсе алады?
Білім • Бүгін, 12:50
Биылдан бастап елімізде жүк тасымалдайтын ұшақтар ұша бастайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:33
Биыл Шығыс Қазақстан облысында екі жаңа әуежайдың құрылысы аяқталады
Қоғам • Бүгін, 12:00
Кендірлідегі әуежайдың қашан ашылатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 11:58
Қызылордада 4 жасар бала терезеден құлап кете жаздады
Қоғам • Бүгін, 11:52
Елімізде енді ұшатын таксилер пайда болады
Технология • Бүгін, 11:50
Қазақстанда авиация саласына бөлінетін гранттар саны артты
Білім • Бүгін, 11:47
Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 11:44
Бір билетпен екі адам өтуге болмайды: LRT басшылығы жолаушыларға ескерту жасады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов стадионы қашан ашылады?
Елорда • Бүгін, 11:40
Қазақстан әуежайларында жолаушыларды бет-әлпет арқылы тіркеу енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 11:27