Өңірдегі Қашыр ауданына барып келдік. Мол астық өсіретін, ауылдары малға толы, көкөніс-жемістері де, картобы, күнбағысы, тәтті балы да жеткілікті, тұрмыс-тіршіліктері ауқатты, әлеуетті аудан саналады.
Ал Елбасы биылғы Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс» деп атап өтті.
– Енді инвестициялық жобалардың есебінен суармалы алқаптардың аумағын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Елбасы суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40 пайызға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу, ауыл шаруашылығын әртараптандыру жайлы Жолдауында айтты. Қазір аудандағы бірқатар шаруа қожалықтары суармалы егіс алқаптарының көлемін 130-140 гектарға жеткізбекші. Ауданда суармалы егістіктер аумағын 5500 гектарға дейін жеткізетін болсақ, бұл кеңестік кезеңдегі көлемге сай келеді, – деді аудан әкімі Жанат Шұғаев.
Екінші бір нәтиже, аудан орталығы Тереңкөлде жас мамандарға арналған 16 пәтерлі жатақхана пайдалануға беріліпті. Тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде 24 пәтерлі төрт тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
– Біз құрылысы бірінші жартыжылдықта аяқталатын орталықтандырылған жылу және су жүйесі бар 4 пәтерлі бір тұрғын үй мен екі пәтерлі бес жеке үйді сатып алуды жоспарлап отырмыз, – деді аудан басшысы. – Сонымен бірге, тірек ауылдарда бюджеттік сала қызметкерлері үшін екі пәтерлі үш үйдің құрылысын жүргізетін мердігерлер анықталды. Былтыр ауданға келген 65 жас маманның 35-і көтерме қолдау жеңілдіктерін алыпты. Ауданның 2017 жылға арналған даму бюджеті 1,1 млрд теңгені құрайды. Осы қаражаттың есебінен 9 жоба жүзеге аспақ.
Аудан шаруашылықтарының көмегімен ауылдардағы 25 көшеге асфальт төселіп, жолдар жөндеуден өтті. Аудан орталығында 2 шағын футбол алаңы, бірнеше шағын ойын алаңдары жасалды. Аудан орталығында Дене шынықтыру, сауықтыру кешені салынады. Қызылдау ауылының клуб үйін осы ауылдық аумақ аумағындағы бірқатар шаруа қожалықтарының басшылары 5 миллион теңгедей қаражат жұмсап, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мұндай игі іске бірқатар шаруа қожалықтары бірлесіп, 22 миллион теңгедей қаржы бөліп, үлес қосты.
– Былтыр 30 мың тонна картоп жинап алдық. Игорь Щербак басқаратын шаруа қожалығы картоптың әр гектарынан 45 тоннаға дейін өнім алды. Иелігінде 600 гектар суармалы алқап бар болса, оның 160 гектарына картоптың крахмалы аз, голландиялық элиталы «гала» тұқымын егеді. Тамшылатып суару кешенін іске қосты. Шаруашылық орналасқан Бобровка ауылында сыйымдылығы 6,5 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын салды. Мол өнім алуға суармалы алқаптарды іске қосу және заманауи ауылшаруашылық техникаларды пайдалану арқылы жеттік, – дейді Жанат Шұғаев. Шаруа қожалықтары суармалы алқаптар аумағын жыл сайын арттырып келеді. Жергілікті тұрғындарға жұмыс бар. Қазір қойма картопқа, көкөніске толып тұр. Қойманың басты ерекшелігі – мұнда өнім сақтау түгелдей компьютермен басқарылады. Екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай, картоп өсірушілер осындай рекордтық көрсеткішке суармалы алқаптарды тиімді дамыту, өнім өсірудегі жаңашылдықтар арқылы қол жеткізді.
Аудан әкімінің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын нысандардың саны 1342 бірлікті құраса, 1770 адам шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады екен. Жалпы, аудан бойынша ауылшаруашылық өндірісімен 12 кәсіпорын, 207 шаруа және фермерлік қожалықтар, 6858 жеке шаруалар айналысады.
Аудан әкімі Жанат Шұғаевпен болған әңгімеден ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кооперативтер құрылып жатқанын білдік.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Қашыр ауданы

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59