Өткен жұмада таң атпай еліміздің ең шалғайындағы Жаркент қаласына қарай аттандық. Алматыдан шыққанда қар қылаулап тұрса да, күні жарқыраған Жаркентте ауа райы кәдімгідей бөлек екендігі байқалады. Аптаның жақсы күнінде бізді бұл қалаға бастап келген оқиғаның үлкені «ҚазТрансГаз» АҚ өзінің инвестициялық серіктесі «APL Construction» ЖШС бірлесіп, Алматы облысындағы Жаркент қаласына көгілдір отынды кіргізуі болатын.
Жаркенттіктер тарихи күн деп есептеген осы жұмада ұлттық оператор газ құбыры мен автоматтандырылған газ тарату стансасын (АГТС) салып, іске қосты. Қазір аудан орталығындағы алғашқы абоненттер газға қосылып жатыр. Осыны көзбен көріп, халыққа жеткізу үшін барған бір топ БАҚ өкілдерін де от жағып, күл шығармай-ақ алаулаған газға піскен былқылдаған бауырсақтардың дәмі тартқан сияқты.
Газ алауын жағатын салтанатты сәтке қала тұрғындары, газ тарату стансасының жұмысшылары да қуана қосылып, тұрмыстың бір тауқыметі болса да азайғанына шынайы алғыстарын білдіріп жатты.
Ауқымды жобаның атқарылуына арналған салтанатты рәсімде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының директоры Шалқар Омарбеков, Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Думан Төреханов, осы жобаға инвесторлық қаражат құйған «APL Construction» компаниясының директоры Александр Гильманға сөз берілді. Бұл кісілердің барлығының сөзі бір жерден шыққаны аян. Бәрінің де көздегені – тыныш елде тату тұрмыс кешіп, тұрмысымызды жақсарта беруге қызмет ету.
Осыдан кейін арнайы құрылғы арқылы көгілдір алау тұтанып, нысандардың іске қосылар кезінде осы ауданның құрметті азаматы Шәріпхан қажы Тұрғанов ақсақалдық батасын берді. Ел ықыласымен батаға қол жайды.
Қала тұрғындары көптен күткен бұл жоба «ҚазТрансГаз» АҚ пен Алматы облысы әкімдігі және «APL Construction» ЖШС арасында қол қойылған Алматы облысының Панфилов және Еңбекшіқазақ аудандарын газдандыруды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды. Меморандумға сәйкес ҚазТрансГаз компаниясы Қазақстан-Қытай магистралды газ құбырынан жеткізуші құбыр тартып, Жаркент пен оның айналасындағы елді мекендерге және «Қорғас-Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағын жабдықтауға қуаты жететін автоматты газ тарату стансасын салды. Ал жеке инвестор «APL Construction» серіктестігі қала мен ауылішілік құбырларды салып, тұтынушыларды газға қосу жұмыстарын бастап кетті.
Қолданысқа беріліп отырған «Жаркент» АГТС-пен газ құбырлары аудан орталығының 43 мыңнан астам тұрғыны мен 161 өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорынды табиғи газбен жабдықтауға арналған.
Жүзеге асырылып отырған жобалар болашақта Алматы облысы Панфилов ауданының Үшарал, Шолақай округтері мен өзге де елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік жасайды, бұл өз кезегінде аудандағы кіші және орта бизнес, өндірістің түрлі салаларының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай туғызады деп күтілуде.
Ұлттық оператор алдағы уақытта табиғи газ ресурстарының қажетті көлемін қамтамасыз етуді жалғастыра бермек. Мәселен, газдандырудың бас кестесіне сәйкес, жалпы 900 мыңдай тұрғыны бар Алматы облысының 228 елді мекенін газдандыру жоспарланып отыр. Осыдан кейін өңірдің газдандырылу деңгейі 41%-ға жететін болады.
Ірі транзиттік және магистралды газ құбырлары Алматы облысы арқылы өткенімен, бүгінгі таңда газдандыру деңгейі бойынша Алматы облысы нашар дамыған аймақтардың бірі саналады. Сондықтан, «ҚазТрансГаз» АҚ және жеке инвестордың атсалысуымен атқарылған осы игілікті істі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы мемлекет-жекеменшік әріптестігінің сәтті көрінісі деуге толық негіз бар.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ – ЖАРКЕНТ – АЛМАТЫ

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59