Қытайлық әншілер тамағы ауырып қалған Димаш Құдайбергенге қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Singer 2017» байқауының сегізінші кезеңі кеше эфирден көрсетілген болатын. Отандасымыз тамағының ауырғанына қарастан сәтті өнер көрсетіп, қытай тіліндегі «Таң атты» әнімен бесінші орынды иеленді. Айта кетерлігі, тұмауратып тамағы ауырып қалған Димашқа жоғары деңгейде орындауды талап ететін «Таң атты» әнін орындау оңайға соқпаған. Жарыс жолынан шығып қалмау үшін Димаш тамағына екі рет ауруды басатын дәрі егіп сахнаға шыққан.
Димаштың ауырғанын естіген «Таң атты» әнінің авторы, қытайдың танымал әншісі әрі «Singer» байқауы үшінші маусымының жеңімпазы Хан Хун Димашқа хабарласып өз кеңестерін айтқан. Ал жетінші кезеңде қатарға қосылған қытай эстрадасының жұлдызы Ли Цзянь Димашқа бағалы дәрі шөптен жасалған жөтелге және тамақтың ауыруына қарсы дәріні әкеліп беріп, қолдау көрсетті. Барлық қатысушылар Димаштың тез жазылып кетуіне тілектестік білдіріп, қолдауларын білдірген. Димаш өз кезегінде барлығына алғыс айтып, осы қолдаудың арқасында қиындықтарды жеңгенін жеткізді.
Еске сала кетейік, Димаш жетінші кезеңде «Дайдидау» әнімен үшінші, сегізінші кезеңде қытайша «Таң атты» әнімен бесінші орынды иеленіп, төртінші айналымның қортындысы бойынша бесінші болып келесі кезеңге өткен. Тоғызыншы кезеңде отандасымыз «All by Myself» әнін шырқап екінші орыннан көрінді.

Трамп Иранмен қақтығыс тез аяқталуы мүмкін екенін айтты
Әлем • Бүгін, 08:53
Атырауда әйел адамнан 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 08:36
Қоғам • Бүгін, 08:20
Синоптиктер ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады
Қоғам • Бүгін, 08:09
Дональд Трамптан кейін Қытайға Владимир Путин барды
Саясат • Кеше
Зейнетақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады
Экономика • Кеше
20 мамыр күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Шавкат Аюпов: Алтын Орда тарихы – Еуразия халықтарына ортақ мұра
Руханият • Кеше
Астанаға Кения Республикасының Президенті келді
Саясат • Кеше