Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы екі орынға көтеріліп, 94-орынға тұрақтады. Есепті кезеңде ұлттық құрамамыз бір де бір ойын өткізген жоқ. Сондай-ақ, дәл осы көрсеткіште Руанда құрамасы жеті орынға көтеріліп, 93-орынға тоқтады.
Жаңартылған рейтингіде алғашқы он үздік команда өзгеріссіз күйде қалды. Аргентина құрамасы көш бастаса, Бразилия екінші орында. Ал үздік үштікті Германия түйіндеп тұр.
1 (1). Аргентина – 1644 ұпай,
2 (2). Бразилия – 1534,
3 (3). Германия – 1443,
4 (4). Чили – 1389,
5 (5). Бельгия – 1379,
6 (6). Франция – 1318,
7 (7). Колумбия – 1312,
8 (8). Португалия – 1240,
9 (9). Уругвай – 1200,
10 (10). Испания – 1162,
...94 (96). Қазақстан – 352.
Айта кетейік, 22 наурыз күні Қазақстан құрамасы Александр Бородюктің бастауымен Кипр ұжымына қарсы жолдастық кездесуін өткізеді. Ал 26 наурызда 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Ереванда Армения елімен күш сынасады.

Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше
Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін
Футбол • Кеше