Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің екінші раундында Астананың «Барысы» Магнитогорскінің «Металлургімен» кездеседі.
Букмекерлік кеңселер бұл матчтарда «Металлург» командасын фаворит ретінде есептеп отыр. Бұл ретте магнитогорліктердің үшінші раундқа өтуіне 1,10 коэффициент берсе, «Барыстікі» сегізге тең.
Бір қызығы, букмекерлер алғашқы раундта «Тракторға» қарсы ойындарда да «Барыстың» жеңісіне күмәнмен қараған. Челябіліктердің келесі кезеңге өтуіне 1,4, ал астаналықтарға үш коэфициент берген еді.
«Металлург» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Батыс» конференциясын бірінші орынмен аяқтаса, «Барыс» бесінші орынға тұрақтаған болатын.
Айта кетейік, Эдуард Занковец шәкірттері Челябінің «Тракторын» жалпы есепте 4:2 етіп ұтса, «Металлург» Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» ұжымын 4:1 есебімен жеңді.

Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше
Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін
Футбол • Кеше