Қоғамдық көліктерде электронды билетпен жүріп-тұру қаншалықты тиімді? Жаңа жобаны қолданысқа енгізу мәселесі бұдан бұрын бірнеше мәрте көтерілген болатын. Шенеуніктердің айтуынша, аталмыш жүйе арқылы автопарктердің жұмысының айқындылығын қамтамасыз етуге және жолаушыларды бір орталықтан бақылауға тиімді.
– Қазіргі кезде электронды билет беру бойынша қанатқақты жоба енгізілген Алматының тәжірибесін бақылап отырмыз, – дейді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров. – Бірақ, бұл жобаны енгізу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ.
Бұл мәселе бойынша нақты жауап сәуір айында белгілі болады. Үкіметте қарағандылық биліктің заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсынысы қаралады. Облыс орталығында автобустарда қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға сараланған тарифтер енгізілмек, сондай-ақ, автопарктерді субсидиялау мәселесі жойылып, көлік саласы сервистік схемадан шығарылмақ. Егер осы өзгерістер қабылданса, онда біздің қалада жобаны енгізу үшін «Оңай» компаниясы жауапты болады.
Жылы аялдамалар да Қарағандының қоғамдық көлік жолаушылары үшін тағы да бір жаңашылдық болады. Бүгінде қаладағы «Арман» боулингінің жанында бір жылы аялдама бар. Жақын арада осындай тағы да 5 павильон орнатылмақ.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
Футбол • Бүгін, 08:29
Бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 08:02
Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше
Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін
Футбол • Кеше