Қобыланды батыр көшесі бойынша 11 үйдің тұрғындарын сусыз қалдырған коммуналдық апатқа құрылыс компаниясы кінәлі, - деп хабарлады «Астана су арнасы» МКК баспасөз қызметі.
«4 наурызда сағат 16.10-да «Компания Союз XXI» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында диаметрі 500 мм су құбырын зақымдаған. Соның салдарынан 4 жекеменшік үйді су басты. Жөндеу жұмыстарына «Астана Су Арнасы» МКК 30-дан астам қызметкері, су құбыры желісі бойынша су айдайтын 21 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Компания Союз XXI» орталық сумен жабдықтау жүйесіне су құбырын салу жұмыстарын өз еркімен, рұқсатсыз жүргізген.
Айта кетейік, 4 наурызда аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев «Алматы» ауданында тұрғын үй кешенінің 11 блогы апат болуының салдарынан сусыз қалғанын хабарлаған. «Қазір су айдауға 20 бірлік ассенизатор машиналары тартылды. 900 пәтер, ішінара жеке сектордың 4 көшесіне су ажыратылған», - деді әкім.

«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
Футбол • Бүгін, 08:29
Бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 08:02
Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше
Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін
Футбол • Кеше