Бүгінгі отырыста меншік құқығы мәселесі өте жақсы көтерілді. Әсіресе, өзге елдерден инвесторларды тарту мақсатында жасалған маңызды қадам болатын. Шетелдіктер көбіне меншіктік құқыққа айрықша мән береді. Бәлкім, бұл дер кезінде жасалмаған шығар, бірақ мемлекетіміздің өзіндік бағытын айқындағаны ерекше ұнады. Дегенмен, бұл жерде халық басқа қырынан алып талқылады.
Сонымен қатар, бір айта кетерлігі, Президенттің мемлекет басқару ісіндегі біліктілігі және өзіне берілген билікті өте тиімді және халықтың игілігіне пайдалана алуы, сол арқылы биліктің беделін көтеруі Үкімет пен Парламентке үлгі болып, биліктің өзге тармақтары да Президенттің қызмет еткеніндей қызмет ете алса, біздің болашағымыздың жарқын болары сөзсіз.
Оның үстіне, қазір әлемнің кей елдерінде Мемлекет басшысының өкілеттіктері керісінше артып жатыр. Ал біз бір қалыпқа түсіп, жүйелі дамуды бетке ұстағандықтан, қазіргі кезде Президенттің өзінің осы ұсынысымен биліктің басқа институттарының, атап айтар болсақ, атқарушы және заң шығарушы биліктің рөлі мен жауапкершілігі күшейтілуде. Бұл елдегі қабылданатын заңдардың сапасы мен олардың атқарылуында халыққа қызмет етудің жаңа бір белесі болмақ. Бұл – біздің Конституциямызда көрсетілген құқықтық мемлекет екендігінің бір айғағы.
Светлана БЫЧКОВА,
Парламент Мәжілісінің депутаты

Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Мәдениет • Бүгін, 09:52
Заң жобасы: Мәжіліс рақымшылық мәселесін талқылайды
Парламент • Бүгін, 09:35
Ел аумағында ірі көлемде есірткі тасымалдаған күдіктілер қолға түсті
Есірткі • Бүгін, 09:33
Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 09:16
АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза түрін тағайындауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 08:52
«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
Футбол • Бүгін, 08:29
Бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 08:02
Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше