Қазақстан Президенті өзінің өкілеттігінің біраз бөлігін биліктің басқа тармақтарына – Үкімет және Парламентке беру арқылы ауқымды конституциялық реформаны жүзеге асыруды ұсынып отыр. Елбасының бұл ұсынысы қоғам тарапынан қолдап, қуатталды. Жан-жақты талқыланды.
Мәселен, Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты 6 мыңнан астам түзетулер мен ұсыныс-тілектер келіп түсті. Олардың барлығы талқы таразысынан өтті. Бұл өзгерістер Үкімет пен Парламенттің өкілеттіктерін кеңейтіп қана қоймай, олардың жауапкершіліктерін де арттыра түсетіні сөзсіз. Дәл қазір бұл өте маңызды. Себебі, олар Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көтерілген мәселелерді орындауға, жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Демек, қазіргі таңда қолға алынып жатқан барлық реформалардың өзегі, міне, осыған келіп тіреледі. Олар қоғамды демократияландыру, барлық билік тармағының жауапкершілігін арттыру секілді тетіктерге сүйеніп отыр.
Бүгінде егер, конституциялық реформалар жүзеге асатын болса, Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігі күшейетіндігі жөнінде көп айтылып жүр. Бұл – өте өзекті мәселе. Парламент те осы арқылы өз жауапкершілігін арттырып, бақылау тетігін нығайтатын болады. Жауапкершіліктің артуын «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» секілді маңызды мемлекеттік бағдарламалардың қолға алынуымен де байланыстыруымыз керек. Себебі, бұл бағдарламаларға ауқымды қаржы бөлінеді, ал мемлекет қаржысының тиімді игеріліп, дұрыс нәтиже көрсетуіне тиісті деңгейде бақылау жүргізу қажет.
Бұл ретте, біз мынаны ескеруіміз керек. Мемлекет басшысы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу арқылы оларға үлкен сенім артып отыр.
Татьяна ЯКОВЛЕВА,
Парламент Мәжілісінің депутаты

Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Мәдениет • Бүгін, 09:52
Заң жобасы: Мәжіліс рақымшылық мәселесін талқылайды
Парламент • Бүгін, 09:35
Ел аумағында ірі көлемде есірткі тасымалдаған күдіктілер қолға түсті
Есірткі • Бүгін, 09:33
Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 09:16
АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза түрін тағайындауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 08:52
«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
Футбол • Бүгін, 08:29
Бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 08:02
Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше