«Конституциялық өзгерістерден кейін, ең алдымен, Үкіметтің өкілеттігі артып, Парламенттің рөлі күшейеді. Мысалы, 70-баптың 1-тармағына Үкімет жаңадан сайланған республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады» деген өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Бұл елеулі жаңалық. Түзету қабылданған жағдайда Үкімет мүшелерін қайтадан жасақтауда парламенттік партиялардың, соның ішінде жеңімпаз партияның рөлі мен жауапкершілігі күшейеді. Партиялардың халық билігін жүзеге асырудағы мүмкіншіліктері артып, билік пен халық арасын бұрынғыдан да жақындата түседі.
Сонымен қатар, Конституцияда Тұңғыш Президент – Елбасының мәртебесін Ата Заңда бекіту туралы ұсынысты толық қолдаймын. Президентіміздің тек заң саласында ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанымызды алға жетелеу жолындағы әлем мойындаған теңдессіз қайраткерлігін бағалай отырып, әріптесіміздің 91-баптың 2-тармағы бойынша ұсынысын өте орынды деп ойлаймын. Себебі, Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым. Екеуі де біздің айбынды мемлекетіміздің айшықты бедері. Осы құндылықтардың Ата Заңымызда бекітілуі өте маңызды және қажетті.
Жамбыл АХМЕТБЕКОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты

Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Мәдениет • Бүгін, 09:52
Заң жобасы: Мәжіліс рақымшылық мәселесін талқылайды
Парламент • Бүгін, 09:35
Ел аумағында ірі көлемде есірткі тасымалдаған күдіктілер қолға түсті
Есірткі • Бүгін, 09:33
Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 09:16
АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза түрін тағайындауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 08:52
«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
Футбол • Бүгін, 08:29
Бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 08:02
Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше