6 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы екінші оқылымда қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұндай ұсынысты бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында жоғары заң шығарушы орган палаталарының бірлескен комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жасады. «Біріншіден, 4 наурызда Парламент палаталарының барлық тұрақты комитеттері өздерінің отырыстарын өткізуі тиіс болады. Онда бүгін депутаттар тарабынан заң жобасына қатысты айтылған ұсыныстар мен ескертулерді талқылап, бірлескен комиссияға өздерінің қорытындысын енгізеді. Екіншіден, ертең саяси партиялардың фракцияларында заң жобасын талқылауды ұсынамын. Үшіншіден, комитеттердің қорытындыларын, саяси партиялар фракцияларының шешімдерін, депутаттардың ұсыныстарын 5 наурыз күні сағат 14.00-ге дейін бірлескен комиссияға жазбаша түрде беруді ұсынамын», - деді бірлескен комиссия төрағасы. Оның атап өтуінше, бірлескен комиссия Парламент палаталарының бірлескен отырысына заң жобасына қатысты салыстырмалы кесте әзірлейтін болады. «Осыған байланысты осы жылдың 6 наурызы күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында заң жобасын екінші оқылымға шығаруды ұсынамын»,- деді Әбдіров. Осы ретте Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл заң жобасы екінші оқылымға дейін Мәжіліс пен Сенаттың тұрақты комитеттерінде, саяси партиялардың фракцияларында талқыланып, барлық ұсыныстар бірлескен комиссияға берілетіндігін атап өтті. «Комиссия оларды жан-жақты талқылап, тиісті құжаттар әзірлейді. Содан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында қарайтын боламыз. Осыған байланысты жаңа ғана комиссия төрағасы 6 наурыз күні сағат 10-да заң жобасын екінші оқылымда қарау туралы ұсыныс жасады»,- деді Нығматулин.
Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Мәдениет • Бүгін, 09:52
Заң жобасы: Мәжіліс рақымшылық мәселесін талқылайды
Парламент • Бүгін, 09:35
Ел аумағында ірі көлемде есірткі тасымалдаған күдіктілер қолға түсті
Есірткі • Бүгін, 09:33
Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 09:16
АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза түрін тағайындауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 08:52
«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
Футбол • Бүгін, 08:29
Бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 08:02
Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше