Қазақстан футбол федерациясы жетекшілігінің бастамасымен ҚР футболды дамыту стратегиясын жүзеге асыру сұрақтарымен айналысатын және еліміздің құрама командаларына ұйымдасқан әдістемелік көмек көрсететін техникалық кеңес құрылды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Оның құрамына ҚФФ президенті Сейілда Байшақов, ҚКФЛ президенті Азамат Айтқожин, ҚФФ бас менеджері Игорь Утробин, құрама командалар департаментінің директоры Ғани Қайназаров, техникалық директор Талғат Байсуфинов, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Никитенко, ҚКФЛ спорт директоры Павел Демян, Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтпай Жамантаев, U19 құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов, U17 құрамасының аға жаттықтырушысы Карлос Ферер, жастар құрамасының жаттықтырушысы Юрий Коньков, жастар құрамасы аға бапкерінің көмекшісі Игорь Свечников, жасөспірімдер құрамасының селекционері Юсуп Шадиев және жастар құрамасындағы қақпашылардың жаттықтырушысы Николай Родионов енді.
Биыл Қазақстан футбол федерациясы құрама аралық командаларды құрды. Соның арқасында құрамалардың саны 8-ге дейін артты: Ұлттық құрама, U23 құрамасы, U21 құрамасы, U20 құрамасы, U19 құрамасы, U18 құрамасы, U17 құрамасы және U16 құрамасы. Жаттықтырушылар кеңесін құру әр түрлі жастағы құрамалар арасында өзара әрекет етуге және футболшыларды дайындауда футбол орталықтары және клубтар арасында тұрақты байланысты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Мәдениет • Бүгін, 09:52
Заң жобасы: Мәжіліс рақымшылық мәселесін талқылайды
Парламент • Бүгін, 09:35
Ел аумағында ірі көлемде есірткі тасымалдаған күдіктілер қолға түсті
Есірткі • Бүгін, 09:33
Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 09:16
АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза түрін тағайындауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 08:52
«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
Футбол • Бүгін, 08:29
Бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 08:02
Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше