Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қысқа бағдарламада мұз айдынына шықты.
Денис Тен 72,98 балл жинап, тек тоғызыншы орыннан көрінді. Мұндай төмен көрсеткіш көрсетуіне аяғы тайып, құлауы себеп болды.
Бұл сында қытайлық Боян Цзинь (92,86) бірінші орынға ие болса, жапон спортшысы Сёма Уно (92,42) екінші орынға тұрақтады. Ал үштікті тағы бір Аспанасты елінің спортшысы Хан Ян (91,56) түйіндеді.
Сонымен қатар, Қазақстан атынан мұз айдынына шыққан Абзал Рақымғалиев (54,80) 14-орынмен шектелді.
Айта кетейік, қысқа бағдарламадан кеше Элизабет Тұрсынбаева 53,16 балл жинап, 6-орынға ие болған.
• 24 Ақпан, 2017
Азиада-2017. Денис Тен сүрініп, тек тоғызыншы орыннан көрінді (видео)
Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қысқа бағдарламада мұз айдынына шықты.
Денис Тен 72,98 балл жинап, тек тоғызыншы орыннан көрінді. Мұндай төмен көрсеткіш көрсетуіне аяғы тайып, құлауы себеп болды.
Бұл сында қытайлық Боян Цзинь (92,86) бірінші орынға ие болса, жапон спортшысы Сёма Уно (92,42) екінші орынға тұрақтады. Ал үштікті тағы бір Аспанасты елінің спортшысы Хан Ян (91,56) түйіндеді.
Сонымен қатар, Қазақстан атынан мұз айдынына шыққан Абзал Рақымғалиев (54,80) 14-орынмен шектелді.
Айта кетейік, қысқа бағдарламадан кеше Элизабет Тұрсынбаева 53,16 балл жинап, 6-орынға ие болған.
Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді
Әлем • Бүгін, 00:53
Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Экономика • Кеше
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Кеше
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Кеше