Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында ел қоржынына кезекті қола жүлде түсті.
Шаңғымен трамплиннен секіру жарысында 255.3 балл жинаған жапониялық Наоки Накамура бірінші орынға ие болса, күміс оның отандасы Юкен Ивасаға (247.7) бұйырды. Ал үздік үштікті қазақстандық Марат Жаппаров (245.7) түйіндеді.
Сонымен қатар, ел атынан сынға түскен Сергей Ткаченко (228.0) алтыншы орыннан көрінсе, Константин Соколенко (179.2) жарысты оныншы болып аяқтады. Ал Сабыржан Мүмінов (171.5) он екінші орынмен шектелді.
Айта кетейік, Қазақстан қоржынына осымен 19 медаль түсті. Оның бесеуі – алтын, алтауы – күміс, сегізі – қола.

Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді
Әлем • Бүгін, 00:53
Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Экономика • Кеше
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Кеше
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Кеше