Өткен маусымның қорытындысы бойынша Англия премьер-лигасында чемпион атанған «Лестер» командасы осы маусымдағы сәтсіз ойыны үшін бас бапкері Клаудио Раньериді қызметінен босатты. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
«Лестердің» вице-президенті Айяватт Шриваддханапрабха мұндай қадам команданың АПЛ-де қалуына септігін тигізетінін мәлімдеді.
«Клубқа келген жеті жыл ішіндегі ең қиын шешімім болды. Клаудионың орны біз үшін ерекше. Оның мінезі, біліктілігі, өзіндік идеясы бізге орасан зор пайдасын тигізді. Оған деген алғысымыз шексіз. Бірақ біз алға қарауымыз керек. Бірінші кезекте «Лестердің» болашағын ойлағанымыз жөн», – деді Айяватт Шриваддханапрабха.
«Әрине, шындыққа көз жұма қарамауымыз керек. Ұжымның былтырғы ерлігі биыл да қайталанады деп күткен жоқпыз. Маусым басында әдеттегіндей премьер-лигадан шет қалмауды басты мақсат еттік. Бірақ қазіргі жағдайымыз тіптен қиындап кетті. Сондықтан командаға өзгеріс қажет деп шештік. Қалған 13 ойында барынша сақ ойнап, алға қойған жоспарымызға жетеміз деп үміттенемін», – деді вице-президент.
Қазіргі уақытта «Лестер» 25 матчтан кейін 21 ұпаймен 17-орында келеді. Ал премьер-лигадан шығып қалар орыннан небәрі бір-ақ ұпай алда келеді. Соңғы 9 ойында тек бір ғана жеңіске жетті.
Өткен жылы Клаудио Раньеридің командасы өз тарихында алғаш рет чемпион атанды. Ал итальян маманы 2016 жылдың қорытындысында ФИФА нұсқасы бойынша үздік бапкер атанды.
Айта кетейік, «Лестердің» жаңа бапкері болып Роберто Манчини тағайындалуы мүмкін.

Nazarbayev University базасында жаңа креативті хаб іске қосылды
Технология • Кеше
Ертең елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады
Ауа райы • Кеше
Алматыда базар маңында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Қостанайда жоғалған студент өлі күйде табылды
Оқиға • Кеше
Қазақстанның алты өңірінде қар көшкіні қаупі сақталып тұр
Ауа райы • Кеше
Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді
Экология • Кеше
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда қай жолдар ашық, қай бағыт жабық?
Ауа райы • Кеше