Google-дің иесі Alphabet Inc компаниясы Uber сервисін сотқа берді, - деп хабарлайды BВС. Басылымның хабарлауынша, компания Uber пилотсыз көліктерде қолданылатын лидар технологиясын (лазер локаторы) ұрлады деп күдіктенуде.
Google компаниясының экс-қызметкері Энтони Левандовски қызметінен кетуінің алдында Waymo жүйесінің түрлі аппаратының арнайы сызбалары бар 14 мыңнан аса құпия файлды ұрлап алған. Оның ішінде лидар сызбасы да бар. Кейін ол бұл материалдарды Uber-дегі стартапында қолдана бастаған. Ал Alphabet Inc. пилотсыз автомобильдерге арналған технология өндіруге маманданған Waymo компаниясын құрған болатын. Бұл компания Uber-ді және Google-дің бұрынғы қызметкерлерін лидар жүйесін ұрлады деп айыптаған.
"Бұл әрекеттерді Waymo-ның зияткер мүлкін және коммерциялық құпияларын иелену мақсатындағы нақты жоспар болды деп есептейміз", - дейді Google өкілдері.

Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді
Әлем • Бүгін, 00:53
Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Экономика • Кеше
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Кеше
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Кеше