Солтүстік Ирландияның жеңіл салмақтағы боксшысы Райан Барнетт (15-0, 9 КО) WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновқа (27-1, 18 КО) қарсы айқасқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы vringe.com хабарлады.
«Бір кездері Жақияновпен Хэттонның залында жаттыққанмын. Шаршы алаңда оған қарсы тұру оңай еместігін байқадым. Сол себепті Жанатпен кездескісі келмейтіндердің қатары аз емес. Бірақ мен онымен жаттығуда емес жұрт алдында күш сынассам деймін. Оны жеңуге қабілетім жеткілікті деп ойлаймын», – деді 24 жастағы боксшы.
«Адам Буттың қол астында жүріп біраз нәрсені үйрендім. Уақыт созбай Жанат екеуіміз жұдырықтассақ деймін», – деді ол.
Жақиянов бірер апта бұрын америкалық Роуши Уорренді төрешілердің шешімімен жеңіп, WBA (Super) және IBO белбеулерін иеленген.
«Райан екеуіміз бұл жөнінде сөйлестік. Ол расымен де қазақстандық боксшымен жұдырықтасқысы келеді. Рингте қандай қиындықтарға тап болатынын да жақсы біледі. Бірақ өз күшіне сенімді болғаннан кейін Жанатты ашық түрде жекпе-жекке шақырып отыр», – деді Барнеттің жаттықтырушысы Адам Бут.
• 23 Ақпан, 2017
Райан Барнетт Жанат Жақияновты жекпе-жекке шақырды

Қазақстанда «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті
Экология • Кеше
Nazarbayev University базасында жаңа креативті хаб іске қосылды
Технология • Кеше
Ертең елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады
Ауа райы • Кеше
Алматыда базар маңында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Қостанайда жоғалған студент өлі күйде табылды
Оқиға • Кеше
Қазақстанның алты өңірінде қар көшкіні қаупі сақталып тұр
Ауа райы • Кеше
Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді
Экология • Кеше
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда қай жолдар ашық, қай бағыт жабық?
Ауа райы • Кеше