Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының (4-0, 4 KO) келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Кәсіпқой рингтегі бесінші кездесуін америкалық Майкл Митчелге қарсы 23 наурызда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткізеді. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтеді.
Айдос кәсіби бокста өткізген төрт кездесуін де уақытынан бұрын жеңген. Оның екеуін Украинада, қалған екеуін Алматыда өткізді. Соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың мамыр айында шыққан.
25 жастағы боксшы Жаркент қаласында туған. Алматы қаласына көшіп келгеннен кейін бокспен 11 жасынан бастап айналысқан. Әуесқой бокста – Қазақстан чемпионатының жүлдегері. Сонымен қатар, «Astana Arlans» сапында шаршы алаңға шыққан.
Айта кетейік, Нью-Йоркте тағы бір отандасымыз WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) 18 наурыз күні Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) жұдырықтасады.
• 23 Ақпан, 2017
Боксшы Айдос Ербосынұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстанда «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті
Экология • Кеше
Nazarbayev University базасында жаңа креативті хаб іске қосылды
Технология • Кеше
Ертең елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады
Ауа райы • Кеше
Алматыда базар маңында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Қостанайда жоғалған студент өлі күйде табылды
Оқиға • Кеше
Қазақстанның алты өңірінде қар көшкіні қаупі сақталып тұр
Ауа райы • Кеше
Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді
Экология • Кеше
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда қай жолдар ашық, қай бағыт жабық?
Ауа райы • Кеше