Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден қыздар арасында Қазақстан құрамасы Гонконг командасын 19:0 есебімен ойсырата жеңді.
Алғашқы кезеңде хоккейшілеріміз қарсыластарына жеті бірдей шайба соқса, келесі 20 минутта бес гол салды. Ал соңғы кезеңде тағы да жеті мәрте қапы қалдырды.
Қыздарымыз осымен екінші ойынын жеңіспен аяқтап отыр. Бұған дейін Александр Мальцев шәкірттері Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңсе, бастапқы екі матчта Жапония (0:6) мен Қытайға (3:8) есе жіберген.
Осы жеңістің арқасында жерлестеріміз қола жүлдеге жақындай түсті. Соңғы кездесуін 25 ақпан күні Тайланд құрамасымен өткізеді.

Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді
Әлем • Бүгін, 00:53
Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Экономика • Кеше
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Кеше
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Кеше