WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен (50-2-1, 32 KO) жекпе-жегінен кейінгі жоспары туралы ой бөлісті.
Айтуына қарағанда, бұл айқастан кейін белбеуін қорғауды немесе салмағын көтеруді ойламайды екен. Қайта орта дивизионға ауысуды жоспарлап отыр.
«Осы жекпе-жектен кейін тек қана орта салмақта жұдырықтасамын. Бұл жөнінде командаммен ақылдастым. Жоспарым міне, осындай. Бірінші орта салмақтағы чемпиондығымды қорғамаймын. Чавеске қарсы ұрысым туралы айтар болсам, екеуіміз де тәуекелге бел буып отырмыз. Ол бірнеше килоға түссе, мен қайта салмақ қосуым қажет. Бокста кейде осындай қадамдарға барып тұру керек. Бұған бола алаңдамаймын. Қайта, Хулио қобалжу керек», – деді Альварес.
Кіші Чавеспен айқасы 6 мамыр күні Лас-Вегаста 164,5 фунт салмақта өтеді.
Айта кетейік, орта салмақта бүгінде Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) жетер боксшы жоқ. Өткен жылы Альварес британиялық Амир Ханды жеңгеннен кейін көрермен болып келген қазақстандық боксшыға қарап, ашық түрде жекпе-жекке шақырған. Сондай-ақ, осы айқастан кейін сол жылдың күзінде WBA (Super), IBO және IBF белбеулерінің иегерімен жұдырықтасатынын да мәлімдеген. Бірақ арада бірнеше күн өткеннен кейін мексикалық боксшы WBC белбеуін еш қарсылықсыз GGG-ға қалдырып, өзі бірінші орта салмаққа қайта ауысқан.
Қос спортшы бүгінге дейін бокс кешін ұйымдастыруда қаржы мәселесіне байланысты ортақ ымыраға келе алмай жүр.

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол
Өндіріс • Бүгін, 15:38
Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Экология • Бүгін, 15:22
Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр
Білім • Бүгін, 15:02
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 15:00
Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді
Медицина • Бүгін, 14:48
Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 14:39
Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті
Әлем • Бүгін, 14:20
Жетісу облысында тағы да жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 14:02
Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды
Елорда • Бүгін, 13:51
Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?
Ғылым • Бүгін, 13:42
Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады
Технология • Бүгін, 13:10