Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Испанияның «Севильясы» өткен маусымда Англия чемпионы атанған «Лестерді» қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті.
«Севилья» «ә» дегеннен-ақ алға ұмтылды. 3-минуттың өзінде Пабло Сарабия гол соғатын әдемі соққы жасап еді, бірақ қақпадан аздап биік кетті. Өз кезегінде «Лестер» де қарап қалмады. Орайы келген сәттерде андалусиялықтарды нысанаға алумен болды. 12-минутта «Севилья» футболшысы Хоакин Корреаға қарсы айып алаңында ойын тәртібі бұзылғаннан кейін төреші ойланбастан пенальти белгіледі. Алайда, қақпашы Каспер Шмейхельдің мерейі үстем болып, қақпасын голдан аман алып қалды. Жақсы қақпашы – жарты команда. Бірақ қаншама сәтті қайтара білгенмен, алғашқы добын 25-минутта жіберіп алды. Серхио Эскудероның сол қапталдан әуеле берген добына Пабло Сарабия бірінші болып жетіп, есеп ашты.
Кездесудің екінші 45 минуты да осы бағытта өрбіді. Алаң иелері негізінен шабуылдаумен болды. Нәтижесінде, 62-минутта Йоветичтің пасынан кейін Хоакин Корреа есептегі басымдықты арттыра түсті. Англия чемпиондары араға он бір минут салып, Джейми Вардидің көмегімен алғашқы әрі осы ойындағы соңғы голын салды.

Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді
Әлем • Бүгін, 00:53
Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Экономика • Кеше
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Кеше
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Кеше