Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған екі құжат елімізді әрі қарай өсіп-өркендетуге бағытталған. Үндеу мен Жолдаудың еліміздің өркениетті демократиялық мемлекет ретіндегі одан әрі қалыптасуы саясатын сатылап жалғастыратыны сөзсіз. Конституциялық реформалар – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Қазақстан конституциялық реформалардың үш сатысынан өтті, осы жолғысы заман талабына жауап беру мақсатында Мемлекет басшысы тарапынан ұсынылып отыр.
Тоқсаныншы жылдары Парламент пен Үкіметте өкілеттіктердің баршылық болғанын бәріміз білеміз. Ол кезде жаңа сайланған Президенттің өкілеттігі енді-енді бастау алып жатты. Одақ ыдыраған жағдайда барлық экономикалық байланыстар үзіліп, кәсіпорындар тоқтады, адамдар жұмыссыз қалып, инфляция 2 мыңнан астам пайызды құрады, еңбек нарығында құлдырау орын алды. Жағдайды дұрыстау үшін Үкімет мүшелерін ай сайын ауыстыруға дайын адамдар баршылық болды. Бірақ бұл сол кездері мүмкін болмады, өйткені, базис жоқ еді.
Еліміз нарықтық қатынастардан бейхабар-тын. Нарықта қалай өмір сүру керектігін ешкім білмеді. Сол кездері өкілеттіктер тек саяси-экономикалық дағдарысқа әкеліп соқты. Мұндай жағдай көптеген елдерде қайталанды. Осыған орай ерекше өкілеттіктер Мемлекет басшысына берілді. Ол тез шешімдер қабылдаумен өзін ақтады. Елбасының заң күші бар Жарлықтары еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға зор ықпал етті.
Біз енді ғана 25 жылдық нәтижемізді шығардық: халықаралық деңгейде қандай жетістіктерге қол жеткіздік, өз елімізде не істедік, әлеуметтік-экономикалық дамуда қандай өзгеріс бар? Әрине, 2009 жылғы мен биылғы дағдарыс болмағанда, біз дамудың елеулі сатысына көтерілер едік. Соңғы дағдарыс біздің шикізат ресурстарымыз бойынша көрсеткіштерімізді елеулі түрде төмендетіп, экономикалық дамуымызға зор нұқсан келтірді. Бірақ біз енді шикізатқа ғана арқа сүйей бермей, өндірісті өркендетуге ден қойып отырмыз.
Конституциялық реформа өкілеттіктерді бөлуге бағытталған. Ол ішкі саясаттағы ауқымды үдерістерді қамтиды. Сыртқы саясат Елбасының еншісінде. Олар – қорғаныс мәселесі, қауіпсіздік пен бейбітсүйгіштік бағыттар. Қазіргі күрделі жағдайда сыртқы саясат кез келген мемлекеттің маңызды басымдығы болып табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 72 жыл өтсе де, әлемде соғыс өрті басылмай тұр. Сирияда аға мен аға, іні мен іні соғысуда. Қазіргі күні лаңкестік те кең етек жайып барады. Сондықтан шекараны да, ішкі қауіпсіздікті де нығайтудамыз. Осы жағдайларда Елбасы сыртқы саясатты дамыту керек деп шешті. Ал заман талабы өкілеттіктерді бөлу қажеттілігін көлденең тартты.
Билікті бөлу – күрделі үдеріс. Енді осы саясатты алға тартып алып кететін кадрлар туралы ойлану керек. Өйткені, кез келген жерде мәселені басшылық шешеді. Үкімет пен Парламенттің жаңа өкілеттіктері аясында еркін қимылдап, әрекет ете алатын адамдарды таңдай білуіміз керек. Бұл мәселенің кәсіподақтарға да қатысы бар.
Жалпы, кәсіподақтар биліктен алыс, өйткені, олардың басты міндеті – еңбек адамын қорғау. Бірақ кім қорғауы керек? Ол білімді, адамдармен тез тіл табыса алатын және олардың мүдделерін қорғай алатын адам болуы шарт. Сондықтан да біз лайықты кадрлар табуға тиіспіз. Кәсіподақтардың негізін бастауыш ұйымдар құрайды, олардың саны бізде – 18 021. Онда барлық басшыларды қатардағы жұмыскерлер тағайындайды. Ал орташа буынның (обком, қалалық комиссиялар) саны бізде – 242. Оларда да бастауыш ұйымдардың жұмысына дер кезінде қолдау көрсете алатын сенімді әрі лайықты адамдар болуы керек. Біз кадрлық құрамымызды өз ішімізде жаңғыртып, сол арқылы жаңа өкілеттіктері бар Үкімет үшін нағыз әлеуметтік әріптес болуды ұсынамыз.
Біздің тарапымыздан атқарылған оңды істер баршылық. Бірақ олар одан да көп болуы керек. Кәсіподақтар еңбек адамының құқықтарын қорғау миссиясын тек қоғамды мойындату үшін емес, әр қазақстандықтың мүддесі үшін атқаруы тиіс.
Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ,
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
• 23 Ақпан, 2017
Мақсат – еліміздің өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету

Астананың бірқатар көшесінде газ беру уақытша тоқтатылады
Елорда • Бүгін, 15:18
Еуропа кубогы: Қазақстан дзюдодан алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 14:56
Оралдағы Жайық өзенінде су деңгейі бір метрге дейін көтерілді
Су тасқыны • Бүгін, 14:28
Түркістанда айыппұлға ашуланған ер адамдар бейнекамераларды сындырған
Оқиға • Бүгін, 13:48
Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 13:33
«Қайрат» бапкері Рафаэль Уразбахтин командасының әлсіз тұсын атады
Футбол • Бүгін, 12:39
Руслан Құрбанов Астанада өткен Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:42
Шалқардағы жаппай төбелес: Жасөспірімнің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
«Қайрат» жолдастық матчта «Зениттен» жеңілді
Футбол • Бүгін, 10:39
29 наурызда Қазақстанда қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 10:11
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Қазақстанда «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті
Экология • Кеше
Nazarbayev University базасында жаңа креативті хаб іске қосылды
Технология • Кеше
Ертең елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады
Ауа райы • Кеше