Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Манчестер Сити» өз алаңында «Монако» клубын қабылдап, 5:3 есебімен жеңді.
Жанкүйерлер нағыз тартысты бәсекенің куәсі болды. Матчтағы алғашқы гол 26-минутта соғылды. Лерой Саненің сол қапталдан берген пасын Рахим Стерлинг мүдірместен голға айналдыра білді. Алайда, ағылшындардың бұл қуанышы ұзаққа созыла қоймады. Араға бес минут салып, оң қапталдан Фабиньюдің әуелете көтерген добын Радамель Фалькао маңдайымен дәл соққы бағыттады. Ал 40-минутта Килиан Мбаппе «Монаконы» алға шығарды.
Матчтың екінші таймы да дәл осы бағытта өрбіді. 50-минутта Радамель Фалькао есептегі басымдықты арттыратын мүмкіндігі болып еді. Бірақ пенальтиді сәтті орындай алмады. Есесіне 58-минутта Серхио Агуэро қарсы шабуыл кезінде қақпаны тура көздеп, таразы басын теңестірді. Оңайлықпен берілмейтін қонақтар 61-минутта қайтадан есепте алға шықты. Радамель Фалькаоның қақпашы бойынан асыра соққан голы көпшілікті еріксіз таң қалдырды.
Осыдан кейін бар ойыншысымен алға ұмтылған алаң иелері 71-минутта есепті 3:3-ке жеткізді. Бұрыштама добынан келген допқа бірінші болып жеткен Агуэро тура соққысымен өзінің екінші голын салды. Дәл осындай шабуыл 77-минутта да болды. Де Брюйненің бұрыштан көтерген добын Джон Стоунз сәтті аяқтады. Ал 88-минутта Лерой Сане матчтың нүктесін қойды.
• 22 Ақпан, 2017
Чемпиондар лигасы. «Манчестер Сити» өз алаңында «Монаконы» жеңді (видео)

Оралдағы Жайық өзенінде су деңгейі бір метрге дейін көтерілді
Су тасқыны • Кеше
«Қайрат» жолдастық матчта «Зениттен» жеңілді
Футбол • Кеше
29 наурызда Қазақстанда қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Кеше
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Кеше