SMART-тақия – ақтаулық оқушы ойының жемісі. Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Сәттіғали Жолдасов бір айға жуық уақыт еңбектенген өз туындысын көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арнады.
– Тақияда қарапайым ұялы телефоннан алынған қозғалыс есептегіші бар. Ол дірілдеткіш моторға сигнал береді. Адам жүрген кезде тақиядағы сенсорлар алдағы кедергілерді қарап отырады да, қандай да бір кедергіні байқағанда SMART-тақия дірілдей бастайды. Содан кейін тақиялы адам тиісті жағына бұрылып, қозғалыс бағытын өзгерте алады. Жоба «Ардуино» микроплатасында жасалды, – дейді Сәттіғали өз ізденісі туралы.
Жоқтан бар жасап, көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға жәрдем қолын созғысы келген оқушы өз туындысының зағип жандарға көмегі болса деп үміттенеді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді
Әлем • Бүгін, 00:53
Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Экономика • Кеше
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Кеше
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Кеше